Анонс

Анонс

  Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының «Өрт қауіпсіздігі қауымдастығы» Кубогына II турнир.

  2026 жылғы 21-22 сәуір аралығында «Қазақстандық өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорттық федерациясы» ҚБ және Қазақстан Республикасының «Өрт қауіпсіздігі қауымдастығы» ұйымдастыруымен, Астана ТЖД қолдауымен Астана қаласында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының «Өрт қауіпсіздігі қауымдастығы»  Кубогына II турнир өтеді.

  Турнирге қысқы чемпионаттардың қоссайыс қорытындысы бойынша еліміздің ең үздік 100 спортшысы, соның ішінде 60 ер адам және 40 әйел қатысады, ең мықты атағы үшін спортшылар екі дисциплина: шабуыл сатысымен көтерілу және кедергілері бар 100 метрлік жолақтан өту бойынша бақ сынайды.

  Жарыс қорытындысы бойынша алдағы халықаралық жарыстарға дайындық және қатысу мақсатында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ҚР ТЖМ ұлттық құрама командаларының құрамы іріктеледі.