
Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Абай облысы ТЖД құтқарушылары Ертіс өзені мен су айдындарында профилактикалық рейдтер жүргізуде.
Ескерту белгілері орнатылып, тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, сондай-ақ құтқару бөлімшелерінің дайындығы күшейтілді.
Өткен жылы ТЖД құтқарушылары су айдындарында 5 мыңнан астам рейд жүргізіп, 56 адамды құтқарды.
ТЖМ азаматтарды су айдындарының маңында қауіпсіздік шараларын сақтауға және балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.