16 сәуірде ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару орталығында «Өрт қауіпті маусымға дайындық туралы» тақырыбында брифинг өтті. Спикер болып ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Төлешев Асқар Дәулетбайұлы сөз сөйледі.
Спикер ТЖМ өрт қауіпті кезеңінің басталуымен әкімдіктермен және басқа да уәкілетті органдармен бірлесіп табиғи өрттердің алдын алу және халықты қорғау бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Өрт қауіпті маусымның қауіпсіз өтуі үшін тиісті шаралар кешені қабылдануда. Экология министрлігімен бірлесіп ведомствоаралық жоспар бекітілді, табиғи өрттерге, оның ішінде шекара мемлекеттермен бірлесіп ден қою алгоритмдері түзетілді.
Өрт ошақтарының алдын алуға және ерте анықтауға басты назар аударылады. «Табиғат» ақпараттық жүйесі, орман шаруашылықтарының бейнебақылау деректері, космомониторинг және ТЖ геоақпараттық жүйе арқылы өрт жағдайына тәулік бойы мониторинг жүргізілуде.
Орман алқаптары бар өңірлерде әуе кемелерінің кезекшілігі ұйымдастырылды. Өрт қауіпті жағдайды бақылау үшін аэрокөзбен шолып зерттеу жоспарланған, ұшқышсыз ұшу аппараттары іске қосылды.
«Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламаны іске асыру жалғасуда. Еліміз бойынша 167 өрт сөндіру пункті құрылып, олардың күшімен 900-ге жуық өрт жойылды.
Табиғи өрттерге жедел ден қою үшін күштер мен құралдардың, оның ішінде орман бөлімшелерін қоса алғанда, Республикалық тобы бекітілді (50 мың адам, 11 мың техника).
Осыған орай ТЖМ-ның Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясында орман өрт сөндіру бөлімшелерінің 360 басшысы оқытылды.
Мамыр айында Қостанай облысында Ресей Федерациясымен трансшекаралық өрттерді жою пысықталатын «Өрт-2026» республикалық оқу-жаттығуы жоспарланған.
Өрт қауіпті маусым ағымдағы жылы 26 наурызда басталды. Орман қоры аумағында 40-тан астам өрт және дала алқаптарында құрғақ шөптің 200 жануы тіркелген.
Табиғи өрттердің пайда болу қаупінің алдын алу үшін өңірлерде аумақты тазарту және жер жырту жұмыстары жүргізілуде, сондай-ақ орманды дала алқаптарында профилактикалық шаралар басталды.
Полициямен және әкімдіктермен бірлесіп күнделікті рейдтер мен патрульдеу ұйымдастырылды, соның нәтижесінде 194 бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтауға шақырады:
- ормандарда және ашық жерлерде от жағуға тыйым салынады;
- құрғақ шөп пен қоқысты өртемеңіздер;
- сөндірілмеген темекі тұқылдарын тастамаңыздар;
- өрт шыққан кезде дереу 101 немесе 112 телефоны бойынша хабарлаңыздар.