
Абай облысында ауылдық жерлерде өрт қауіпсіздігін күшейту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде. Негізгі бағыттардың бірі Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әріновтің бастамасымен жергілікті атқарушы органдар құратын «Ауыл құтқарушылары» ерікті өрт сөндіру пункттерін дамыту болып табылады.
2025 жыл ішінде өңірде 6 жаңа «Ауыл құтқарушылары» пайдалануға беріліп, 11 қолданыстағы бөлімше жаңғыртылды. Бүгінде олар 25 мыңнан астам тұрғыны бар 44 ауылдық елді мекенді өрттен қорғайды.
Бөлімшелер өрт сөндіру техникасымен, жауынгерлік киіммен және радиобайланыс құралдарымен жарақталған. Бұл әсіресе кәсіби бөлімшелердің жету уақыты шешуші рөл атқаратын шалғай елді мекендерде өрттер мен төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.
2025 жылдың басынан бері облыстың ерікті өрт сөндіру пункттері өз тиімділігін іс жүзінде растады. Өз күштерімен 60 өрт пен жануды, мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерімен бірлесіп тағы 128 өртті жойды.