Атырау құтқарушылары күн сайын Жайық өзенін патрульдеуде

Атырау құтқарушылары күн сайын Жайық өзенін патрульдеуде

  Атыраулық құтқарушылар Жайық өзенінің акваториясында күн сайын профилактикалық іс-шараларды жүргізуде. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында заманауи катерлер мен жүзу құралдары кеңінен қолданылуда.

  ТЖМ қызметкерлері судағы жүріс-тұрыс ережелері мен сақтық шараларын үнемі еске сала отырып, балықшылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

  Жыл басынан бері құтқарушылар оқыс оқиғалардың алдын алуға бағытталған 700-ге жуық профилактикалық рейд жүргізілді.

  ТЖМ азаматтарды су айдындарындағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.