Елордалық құтқарушылар Есіл өзенінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуде

Елордалық құтқарушылар Есіл өзенінде қауіпсіздікті  қамтамасыз етуде

  Күн жылына бастағаннан бері қаладағы су айдындарындағы қауіпсіздік мәселесі аса маңызды бола түседі.

  Жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында Астана қаласы ТЖД қызметкерлері су айдындарына бақылауды күшейтті.

  Патрульдеу заманауи катерлерді пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Бұл жылдам әрі сенімді жүзу құралдары акваторияны тиімді бақылауға, төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге, сондай-ақ суда қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

  Өткен жылы ТЖД құтқарушылары Есіл өзенінде 150-ден астам рейд жүргізді.

  Күн сайын ТЖД қызметкерлері жағалау аймақтарын тексеріп, демалушыларға қауіпсіздік ережелерін еске салады.