Batyr Team – ТЖМ күші мен командалық рухының символы

Batyr Team – ТЖМ күші мен командалық рухының символы

  ТЖ министрлігінде дене шынықтыру мен спорт қызметкерлерді даярлау мен командалық рухты қалыптастырудың маңызды бөлігі ретінде жүйелі түрде дамып келеді. Бұл процесте Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әріновтің бастамасымен құрылған «Batyr Team» және «Batyr Kids» спорт клубтары ерекше рөл атқарады.

  Бүгінде клубтар ведомствоның барлық аумақтық бөлімшелерінде табысты жұмыс істеп, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен олардың балаларын біріктіруде. Олардың қызметі тек денсаулықты нығайтуға және физикалық даярлық деңгейін арттыруға ғана емес, сондай-ақ өскелең ұрпақ арасында патриотизмді тәрбиелеуге бағытталған.

  Жаттығу процесі білікті мамандарды тарта отырып, жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Басым бағыттар ретінде жекпе-жек өнері мен қызметтік-қолданбалы спорт түрлері айқындалған. Клубтардың дамуына Қазақстандық құтқарушылар қоры елеулі қолдау көрсетуде.

  Қазіргі таңда ТЖМ жүйесінде 300-ден астам қызметкер-спортшы бар, олардың қатарында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушылары, еңбек сіңірген спорт шеберлері, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, сондай-ақ спорт шеберлері мен спорт шеберлігіне кандидаттар бар.

  Екі жыл ішінде «Batyr Team» клубы қызметкерлері халықаралық және республикалық жарыстарда, спартакиадалар мен турнирлерде 400-ден астам жүлделі орын иеленді. Маңызды оқиғалардың бірі – Астанада ерлер мен әйелдер арасында өткен қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогының финалы болды, оған 20 елден 230 спортшы қатысты.

  Жоғары нәтижелер ағымдағы жылдың сәуір айында Қарағанды қаласында өткен Қазақстан Республикасының қоян-қолтық ұрыстан чемпионатында да көрсетілді. Құрама команда 5 алтын, 10 күміс және 13 қола медаль жеңіп алды. Турнир халықаралық жарыстарға іріктеудің маңызды кезеңіне айналды, оның ішінде 2026 жылғы мамырда Мәскеуде өтетін әлем кубогы мен 2026 жылғы қазанда Дубайда өтетін Азия чемпионаты бар. Қазіргі уақытта Қазақстан ТЖМ құрамасы қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионатына белсенді дайындалуда.

  Қол жеткізілген нәтижелер қызметкерлердің дене даярлығының жоғары деңгейін, спорттық дәстүрлердің сабақтастығын және Қазақстан ТЖМ жүйесінде спортты дамыту бойынша кешенді жұмыстың тиімділігін айқындайды.