Шымкентте Апаттар медицинасы орталығы филиалдары басшыларының алқасы өтті

Шымкентте Апаттар медицинасы орталығы филиалдары басшыларының алқасы өтті

  9-10 сәуір күндері Шымкент қаласында ҚР ТЖМ «Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесі филиалдары басшыларының жыл сайынғы алқасы өтті.

  Іс-шараға Орталық басшылығы, өңірлік филиалдардың басшылары, сондай-ақ шақырылған қонақтар қатысты: Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы және Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының «Жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ КМК басшысы.

  Алқа барысында өткен 2025 жылдың қорытындысы шығарылып, Орталықтың одан әрі дамуының негізгі бағыттары қарастырылды. Қатысушылар төтенше жағдайлар кезінде жедел медициналық көмекті ұйымдастыру және жедел әрекет етуге дайындықты арттыру мәселелерін талқылады.