ТЖМ қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды

ТЖМ қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды

  Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Таяу Шығыс елдерінен азаматтарды сәтті эвакуациялауға қатысқаны үшін «Барыс» республикалық құтқару қызметінің құтқарушылары Мұстафин Евгений мен Ысқақов Тахиржан «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

  Сондай-ақ, сыртқы істер министрлігімен өзара іс-қимылды ұйымдастырғаны және Қазақстан азаматтарын эвакуациялау шеңберінде құтқарушылардың қатысуын үйлестіргені үшін азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Тастембеков Сабыржан Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысымен марапатталды.

  Марапаттарды салтанатты түрде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Р.В. Скляр табыс етті.