Абай облысында заманауи технологияларды қолдану арқылы шартты орман өртін сөндіру бойынша оқу-жаттығу өткізілді

Абай облысында заманауи технологияларды қолдану арқылы шартты орман өртін сөндіру бойынша оқу-жаттығу өткізілді

 «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің, Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің, Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың және Абай облысының әкімі Берік Уәлидің қатысуымен шартты орман өртін жою бойынша оқу-жаттығу өткізілді.

  Практикалық пысықтау барысында резерват қызметкерлері ТЖМ бөлімшелерімен бірлесіп табиғи өрттерді сөндіру кезіндегі өзара іс-қимыл алгоритмін, сондай-ақ жасанды интеллект негізіндегі өртті ерте анықтау жүйесінің тиімділігін көрсетті.

  Заманауи цифрлық технологиялар нақты уақыт режимінде түтін ошақтарын анықтап, жедел әрекет ету қызметтеріне сигналды дереу жеткізуге мүмкіндік береді, бұл өртті оқшаулау жылдамдығын едәуір арттырады.

  Оқу-жаттығу өрт қауіпті кезеңде табиғи өрттерге ден қоюға ТЖМ күштері мен құралдарының дайындығын растады.