ТЖМ құтқарушылары табиғи өрттерге дайындықты аэроқайықтарды қолдану арқылы күшейтуде

ТЖМ құтқарушылары табиғи өрттерге дайындықты аэроқайықтарды қолдану арқылы күшейтуде

  Өрт қауіпті кезеңге дайындық аясында Ақтөбе облысы ТЖД құтқарушылары табиғи өрттерді сөндіру кезінде аэроқайықтарды сынақтан өткізу бойынша жаттықтыру сабақтарын өткізді. Оқу-жаттығу Ақтөбе су қоймасының жағалауы бойында өтті, онда аэроқайықтарды пайдалану және ашық су көздерінен өрт сөндіру оқпандарын беру арқылы шартты өрт ошақтары жедел түрде сөндірілді.

  Аэроқайықтар күрделі жер бедері жағдайында өзінің жоғары тиімділігін көрсетті, техника тайыз суда, батпақты жерлерде және жетуі қиын жағалау аймақтарында жүре алады. Жоғары маневрлігі және қуаттылығы құтқарушылар мен қажетті жабдықтарды оқиға орнына жылдам жеткізуге мүмкіндік береді.

  Сонымен қатар бұл кеме іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде, жұқа және борпылдақ мұз басқан акваторияларды патрульдеу кезінде қолданылады. Заманауи техниканы пайдалану әрекет ету уақытын едәуір қысқартып, құтқару бөлімшелерінің тиімділігін арттырады, бұл төтенше жағдайлар кезінде ерекше маңызды.