Құтқарушылар Жетісу облысындағы Балқаш көлінде күн сайын акваторияда патрульдеу жүргізуде. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін арнайы техника жұмылдырылған.
Әуе жастықты қайықтың көмегімен мамандар жетуі қиын учаскелерді де бақылауда ұстап, ықтимал төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге мүмкіндік алуда.
Қазіргі уақытта көлдегі мұз тұрақсыз. Кейбір жерлерде ашық су байқалса, басқа тұстарда жұқа мұз және ыққан мұз кесектері кездеседі. Дәл қазір ең қауіпті кезеңдердің бірі өтпелі уақыт. Бұл кезде мұз өзінің беріктігін жоғалтады, ал су толық ашылып үлгермейді. Осындай жағдайда мұздың опырылып кету қаупі өте жоғары.
ТЖМ азаматтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға, жұқа мұз үстіне шықпауға, балаларды қараусыз қалдырмауға, қауіпті учаскелерден аулақ болуға және өз өмірлерін қауіпке тікпеуге шақырады.