
Ақтөбе облысында ауылдық елді мекендердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Осы бағытта Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әріновтің бастамасымен жергілікті атқарушы органдары құрған «Ауыл құтқарушылары» ерікті өрт сөндіру пункттері маңызды рөл атқаруда.
2025 жылы 6 жаңа пункт ашылды, олар жалпы саны 17 мыңнан астам халқы бар 19 елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Олардың иелігінде 7 бірлік өрт сөндіру техникасы бар, 32 еріктімен жасақталған.
2026 жылдың басынан бастап бұл бөлімшелер өздерінің тиімділігі мен жедел әрекет ету қабілетін көрсетті. Олар өз күштерімен 6 өртті сөндірді. Сонымен қатар мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерімен бірлесіп тағы 11 өрттің алдын алды.
Соңғы оқиғалардың бірі кеше Хромтау ауданының Бөгетсай ауылында болды. Бір қабатты жеке балабақша ғимаратында өрт шығып, 15 шаршы метр аумақта керме төбе мен шкаф жанды. Нысаннан небәрі 2 км қашықтықта орналасқан «Бөгетсай» ауылдық өрт сөндіру бекетінің жедел әрекетімен (ең жақын өрт сөндіру бөліміне дейінгі арақашықтық 60 км) өрт толықтай сөндірілді.
Ауылдық өрт сөндіру пункттері желісін дамыту төтенше жағдайларға әрекет ету уақытын едәуір қысқартуға, шалғай елді мекен тұрғындарының қауіпсіздігін арттыруға және өңірдің азаматтық қорғаныс жүйесін нығайтуға мүмкіндік береді.