Қазақстанда 166-шы «Ауыл құтқарушылары» ерікті өрт сөндіру пункті ашылды

Қазақстанда 166-шы «Ауыл құтқарушылары» ерікті өрт сөндіру пункті ашылды

  Ақмола облысы Атбасар ауданының Шуйское ауылында ауылдық жерлердегі қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған өрт сөндіру пункті ашылды. Енді құрамына Шуйское және Макеевка ауылдары кіретін, жалпы саны 840-тан астам тұрғыны бар ауылдық округ өртке қарсы қорғаумен қамтамасыз етілді.

  Еріктілер тәулік бойы жауынгерлік кезекшілік атқаратын болады, қызмет атқаруға барлық қажетті жағдай жасалған. ТЖМ пунктті өрт-техникалық жабдықтармен, автоцистернамен, арнайы жауынгерлік киіммен және байланыс құралдарымен қамтамасыз етті.

  Өрт сөндіру пункті жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен құрылды. Сонымен қатар оны одан әрі ұстау «Шуйское-ХХІ» ЖШС шаруа қожалығының қолдауымен жүзеге асырылатын болады. Бұл бизнес өкілдерінің әлеуметтік жауапкершілігінің және ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесінің нақты көрінісі болып табылады.

  Осындай нысандардың ашылуы төтенше жағдайларға әрекет ету уақытын айтарлықтай қысқартып, халықтың өрттен қорғалу деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.