
Ақмола облысы Есіл ауданының Красивое ауылындағы «Жаңатілек» шаруа қожалығы базасында «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында ерікті өрт сөндіру пункті ашылды.
Осы нысанның ашылуы ауылдық жерлерде өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыруға бағытталған. Жаңа пункт құрамына 4 елді мекен кіретін, жалпы саны 1500-ден астам тұрғыны бар ауылдық округтің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болады.
Еріктілер тәулік бойы жауынгерлік кезекшілік атқарады, оларға қызмет атқару үшін барлық қажетті жағдай жасалған. ТЖ департаменті тарапынан автоцистерна мен арнайы киім-кешектер берілді.
Өрт сөндіру пунктін ұстау «Жаңатілек» шаруа қожалығының қаражаты есебінен қамтамасыз етілетінін атап өткен жөн. Бұл бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің және ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесінің айқын көрінісі.
Осындай нысандардың ашылуы төтенше жағдайларға әрекет ету уақытын айтарлықтай қысқартып, халықтың өрттен қорғалу деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.