Қазақстан ТЖМ құрамасы қоян-қолтық ұрыс чемпионатына дайындалуда

Қазақстан ТЖМ құрамасы қоян-қолтық ұрыс чемпионатына дайындалуда

  2026 жылғы 16 наурыз және 2 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы ТЖМ құрамасы Щучинск қаласындағы «Жақсы-2» спорт базасында оқу-жаттығу жиындарын өткізуде.

  Жиындар Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушыларының жетекшілігімен және Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс  Әріновтің қолдауымен ұйымдастырылуда.

  Дайындық негізгі дода 2026 жылғы 3–7 сәуір аралығында Қарағанды қаласында өтетін Қазақстан Республикасының қоян-қолтық ұрыс чемпионатына бағытталған. Бұл жарыс халықаралық турнирлерге іріктеу кезеңі болып табылады: 2026 жылғы мамырда Мәскеу қаласында өтетін Әлем кубогы және 2026 жылғы қазанда Дубай қаласында өтетін Азия чемпионаты.

  Жиынға 35 спортшы (20 ер, 15 әйел) қатысуда, олардың қатарында 7–8 спорт шебері және 3–4 халықаралық дәрежедегі спортшы бар.

  ҚР ТЖМ құрамасы алдағы маусымның басты жарыстары қарсаңында жоғары дайындық деңгейін, тәртіп пен нәтижеге деген ұмтылысты көрсетуде.