
Жылыту маусымы басталғаннан бері Қазақстан ТЖМ құтқарушылары 1,7 млн астам үй қамтылып, 4,3 млн-нан астам азаматқа нұсқаулық берілді. Өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмейтін кемшіліктер тұрғындарға жеткізіліп, оларды жою бойынша ұсынымдар берілді. ТЖМ бөлімшелері мен әкімдіктердің қолдауымен 24 мыңнан астам үйде анықталған бұзушылықтар жойылды.
Әлеуметтік осал топтар тұратын 104 мыңнан астам үй ерекше бақылауға алынды. Бұл үйлер жылыту маусымы басталар алдында өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігіне тексеріліп, сондай-ақ тұрақты аула аралау барысында қайта қаралды. Жергілікті атқарушы органдар мен волонтерлермен бірлесіп, әлеуметтік осал топтардың үйлеріне 50 мың улы газ, табиғи газ және түтін датчигі орнатылды.
Жылыту маусымында тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрттердің алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар күшейтіліп, тиісті акциялар мен іс-шаралар ұйымдастырылды. Өрт қауіпсіздігі талаптарын және жеке нұсқаулықтарды түсіндіре отырып, аулаларды аралау жүргізілді.
Ең жиі кездесетін бұзушылықтар пеш жабдықтарын, электр желілері мен құралдарын пайдалану және орнату талаптарының сақталмауы.
ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеді:
- пешпен жылыту жүйелері мен электр құралдарын тек жарамды күйде пайдаланыңыз;
- пешті шамадан тыс қыздырмаңыз және электр желісіне артық жүктеме түсірмеңіз;
- мұржаны күйеден уақтылы тазалаңыз;
- пеш пен электр құралдарының ақаусыздығын үнемі тексеріп отырыңыз;
- пеш жағуды балаларға тапсырмаңыз;
- сіріңке мен тұтатқыштарды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.