ТЖМ басшысы әскери бөлімдерді жаңғырту бойынша міндеттерді айқындады

ТЖМ басшысы әскери бөлімдерді жаңғырту бойынша міндеттерді айқындады

  Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов Ақмола облысындағы әскери қызметшілерге барды. Ол мерзімді әскери қызмет өткеріп жатқан сарбаздардың қызмет жағдайын бағалап, жеке құраммен әңгімелесті.

  Бөлімшенің материалдық-техникалық жарақтандырылуы, техникамен қамтамасыз етілу деңгейі және инфрақұрылымның жай-күйі тексерілді. Сонымен қатар орналасу және тұрмыстық қамтамасыз ету жағдайлары жеке қарастырылды.

  Шыңғыс Әрінов бөлімшені реновациялау бойынша міндеттерді айқындады. Жаңарту жұмыстары тұрмыстық үй-жайлардан бастап қызметтік тұрғын үйге дейінгі барлық негізгі нысандарды қамтиды. Сондай-ақ қызметтік-жауынгерлік объектілер мен тұрғын үй қорын салу және жаңғырту жоспарлары талқыланды.

  Мерзімді әскери қызметшілерге қызметін келісімшарт негізінде жалғастыру ұсынылды. Министр ведомствоның дайындалған кадрларға мүдделі екенін атап өтіп, оларды келісімшарт бойынша қызметке қабылдауға дайын екенін жеткізді.