ТЖМ қызметкерінің отбасына пәтер кілті табысталды

ТЖМ қызметкерінің отбасына пәтер кілті табысталды

  Астанада ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті Техникалық нормалау басқармасының бас маманы Еркін Қапбаровтың отбасына пәтер кілті табысталды.

Қазақстанның ТЖМ Кадр және тәрбие жұмысы департаментінің бастығы Анаргүл Абеуова, Құтқарушылар қорының басшысы Рашид Жанұзақов және Астана қаласы ТЖД бастығы Марат Күлдіков қатысып, құтқарушының отбасын қоныс тойымен құттықтады.

Жаңа пәтердің аумағы 37 шаршы метр және ол толықтай дайын күйде берілген: жиһаздар, тұрмыстық техникалар - барлығы отбасының жайлы өмір сүруіне жағдай жасайды. Бұл игі іс Құтқарушылар қоры қолдауымен жүзеге асқан.

Бұл жайлылық ТЖМ қызметкерінің отбасына қамқорлық көрсетудің айқын көрінісі. Мұндай қолдау жылулықтың, тұрақтылықтың, болашаққа деген сенімнің символы, ел қауіпсіздігі жолындағы еңбегін бағалаудың маңызды белгісі болып табылады.