ТЖМ қар көшкінінің қаупі туралы ескертеді

ТЖМ қар көшкінінің қаупі туралы ескертеді

  Қар көшкіні жағдайын бақылау мақсатында «Қазселденқорғау» ММ мамандары көшкін қаупі бар аумақтарға тұрақты мониторинг
жүргізіп, оларды жүйелі түрде тексереді. Бүгінгі күні республика бойынша 378 жерүсті тексеру жүргізілді. Қар көшкіні жүруі мүмкін аудандарда 110 ескерту белгісі орнатылды.

  Қолайсыз ауа райы жағдайына және кейбір учаскелерде қар жамылғысының жиналуына байланысты көшкін қаупі жоғары жекелеген учаскелерде қар көшкіндерінің өздігінен түсу қаупі сақталуда.

  2025–2026 жылдардағы қар көшкіні қаупі бар кезең басталғалы (2025 жылғы қараша айынан бастап) Алматы қаласында, Алматы, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында жалпы көлемі 175600 м³ қар көшкіндерінің 66 өздігінен түсу фактісі тіркелді. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жалпы көлемі 113246 м³ қар массасымен 99 профилактикалық қар көшкінін түсіру жұмыстары жүргізілді.

  Түркістан және Жамбыл облыстарының биік таулы аудандарында, сондай-ақ Алматы қаласы, Алматы, Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстарының таулы аудандарында қар көшкіні қаупі сақталуда, қар көшкіндерінің өздігінен түсу ықтималдығы жоғары.
Көшкіндердің жүруіне түрткі болу қаупіне байланысты қар басқан беткейлерге шықпаған жөн.

  ТЖМ қар көшкіні қаупі туралы ескерту жарияланған кезеңде таулы аймақтарға барудан бас тартуды ұсынады.