Қазақстанда 163-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өрт сөндіру пункті ашылды

Қазақстанда 163-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өрт сөндіру пункті ашылды

  Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Ақбұлақ ауылының ерікті өрт сөндіру пункті 800-ге жуық адам тұратын ауылдық округтің үш елді мекенінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

  Аталған пункт еліміздің шалғайдағы елді мекендерінде өрт қауіпсіздігін жақсартуға бағытталған «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы аясында ашылды.

  Ашылу рәсімі барысында СҚО ТЖД бастығының орынбасары Дмитрий Растихин:

  «Біз жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, облысымыздағы өртке қарсы қорғау жүйесін одан әрі нығайтуды жалғастырамыз. Бұл төтенше жағдайларға ден қоюдың қауіпсіздігі мен жеделдігін арттыруға мүмкіндік береді»,- деп атап өтті.

  Пункт Ақбұлақ ауылдық округінің базасында құрылып, толыққанды жұмыс істеу үшін барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілген. Еріктілердің иелігінде жылы гараж, автономды су жүйесі, тұрмыстық үй-жайлар бар. Пунктте өрт сөндіру автоцистернасы, сондай-ақ өртті сөндіруге арналған құрал-жабдықтар орналастырылған. ТЖ департаменті жеке құрамға жауынгерлік киім, нысанды киім-кешек және байланыс құралдарын табыс етті.