Қазақстанда 162-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өрт сөндіру пункті ашылды

Қазақстанда 162-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өрт сөндіру пункті ашылды

  Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Бидайық ауылында «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы аясында ерікті өрт сөндіру пункті ашылды.

  «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасын жүзеге асырудың арқасында ең шалғай елді мекендердің тұрғындарын қорғау үшін жағдай жасалуда. Біз жергілікті атқарушы органдардың белсенді қолдауымен облыс аумағында өрттен қорғау жүйесін нығайтуды жалғастырамыз», - деп СҚО ТЖД бастығының орынбасары Дмитрий Растихин атап өтті.

  Нысан Бидайық ауылдық округінің базасында құрылды және толыққанды жұмыс істеу үшін барлық қажетті заттармен қамтамасыз етілді. Еріктілердің иелігінде жылы гараж (бокс), автономды сумен жабдықтау, жабдықталған тұрмыстық үй-жайлар бар. Әрекет етудің ұтқырлығы мен жеделдігін арттыру үшін өрт автоцистернасы, жабдықтар мен өрт сөндіру құралдары орналастырылды. Сондай-ақ ТЖ департаменті жеке құрамға жауынгерлік киім, күнделікті киім-кешек және байланыс құралдарын жиынтығын берді.

  Өрт сөндіру пункті 1400-ден астам адам тұратын Бидайық ауылдық округінің қорғалуын қамтамасыз етеді, бұл төтенше жағдайларға ден қою уақытын едәуір қысқартады және өрттен болатын залалды азайтады.