ТЖ министрінің Наурыз мейрамымен құттықтауы

ТЖ министрінің Наурыз мейрамымен құттықтауы

Құрметті құтқарушылар, ардагерлер және олардың отбасы мүшелері!

  Сіздерді көктем мерекесі – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

  Наурыз – тіршіліктің жаңаруын дәріптейтін, күн мен түн теңелетін ерекше мереке. Ол жаңа жылдың, жаңа бастамалардың бастауы.

  Әрқайсымыз үшін бұл мейрамның мәні ерекше. Біздің қызметіміз – батылдық пен жоғары жауапкершіліктің, кез келген сәтте көмекке келуге дайын болудың айқын көрінісі. Сіздердің кәсібиліктеріңіз, ұйымшылдық бен жанқиярлық еңбектеріңіздің арқасында жыл сайын мыңдаған адамның өмірі құтқарылып, көптеген төтенше жағдайлардың алдын алынып келеді.

  Бүгінде алдымызда маңызды міндеттер тұр. Біз қол жеткізген жетістіктерді сақтай отырып, оларды одан әрі нығайтып, азаматтық қорғау жүйесінің дамуына лайықты үлес қосуымыз қажет.

  Сіздерді Наурыз мейрамымен тағы да шын жүректен құттықтаймын. Осы жарқын күні өздеріңізге және жақындарыңызға зор денсаулық, амандық, әр шаңыраққа бақ-береке тілеймін!

Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
генерал-лейтенант
Шыңғыс Әрінов