
Құрметті Қазақстан азаматтары!
Наурыз мейрамын тойлау кезеңінде азаматтарды ерекше сақ болуға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырамыз.
Көктемгі кезеңде су айдындарындағы мұз ерекше қауіпті болады. Ол сырт көзге берік болып көрінгенімен, өзінің беріктігін жоғалтады. Жыл сайын дәл осы уақытта жазатайым оқиғалардың саны артады.
Осы кезеңде құтқарушылар 34 адамды, оның ішінде 13 баланы құтқарды.
ТЖМ қызметкерлері ауқымды профилактикалық жұмыстар жүргізуде:
▫️ 28 мыңнан астам рейд пен патрульдеу ұйымдастырылды
▫️ 102 мыңнан астам азаматпен түсіндіру жұмыстары жүргізілді
▫️ шамамен 47 мың балықшыға нұсқаулық берілді
Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, кейбір азаматтар қауіпсіздік талаптарын сақтамайды.
❗️ Еске саламыз: мұз қату және мұз еру кезеңінде мұзға шығуға қатаң тыйым салынады.
ТЖМ қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады:
▪️ жұқа және берік емес мұзға шықпаңыз
▪️ бір жерде топпен жиналмаңыз
▪️ жарықшақтарға, ойықтарға жақындамаңыз
▪️ ресми өткелдерден тыс жерлерде мұзға автокөлікпен шықпаңыз
Өзіңізді сақтаңыз — біз үшін әрбір өмір маңызды.