ТЖМ құтқарушылары мұз үстінде қалған балықшыны құтқару оқу-жаттығуын пысықтады

ТЖМ құтқарушылары мұз үстінде қалған балықшыны құтқару оқу-жаттығуын пысықтады

  Павлодарда Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары мұз үстінде қалған адамды құтқару бойынша тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өткізді.

  Оқу-жаттығудың жоспары бойынша мұз астынан балық аулау кезінде ер адам жарылған мұз үстінде қалып, су ағысымен бойлай жылжыды. Куәгерлер апат туралы дереу құтқару пультіне хабарлады. ТЖД бөлімшелері жедел түрде оқиға орнына келді.

  Құтқару операциясына үш құтқарушы мен аэроқайық тартылды. Мамандар зардап шеккенді іздеу, мұз айдынына қауіпсіз бару және оны эвакуациялау бойынша іс-қимыл алгоритмін пысықтады. Мұз үстіндегі балықшы құтқарылып, жағаға жеткізілді.

  Мұндай оқу-жаттығулар құтқарушылардың мұз аса қауіпті болған көктемгі кезеңде жедел әрекет етуге дайындығын арттыруға бағытталған.

  Мұз үстінде адамдарды құтқару оқу-жаттығуында су мен мұз бетінде тиімді қозғала алатын аэроқайық пайдаланылды. Аэроқайық материалдық-техникалық базаны жаңарту аясында сатып алынды және құтқарушылардың күнделікті қызметінде қолданылады.