
21 наурызда Қазақстанда аталып өткен Ынтымақ күні еліміздің барлық азаматтары арасындағы бірлікті, достық пен өзара сыйластықты нығайтуға, халықтың бірлігін бейнелейтін бейбітшілік пен қоғамдық келісім құндылықтарын ілгерілетуге бағытталған.
Қазақстаның ТЖМ жүйесінде бұл күн ерекше орын алады. Құтқарушылар үшін бірлік пен командалық жұмыс төтенше жағдайларға тиімді әрекет етудің және адам өмірін құтқарудың негізі болып табылады.
Осы күні ТЖМ бөлімшелерінде еліміздің барлық өңірлерінде әртүрлі іс-шаралар өткізіледі. Қызмет ардагерлерімен кездесулер ұйымдастырылады, сондай-ақ қызметкерлер мен жас ұрпақ арасында командалық рухты нығайтуға бағытталған спорттық және патриоттық акциялар өткізіледі.
Қазақстаның ТЖМ қоғамды біріктіруге, қауіпсіздіктің деңгейін арттыруға және жас ұрпақты патриотизм, бірлік пен өзара құрмет рухында тәрбиелеуге бағытталған жүйелі жұмысын жалғастыруда.