
Шығыс Қазақстан облысында ХХХІV - ерлер, ХII - әйелдер, ХI - жасөспірім ұлдар арасында Қазақстан Республикасының өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша қысқы Чемпионаттардың жабылуы өтті.
Жабылу салтанатына Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев, ШҚО ТЖД басшылығы, «Қазақстандық өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорттық федерациясы» ҚБ атқарушы директоры Дәурен Данаев және азаматтық қорғау органдарының ардагерлері қатысты.
18-20 наурыз аралығында еліміздің әр өңірінен келген 400-ден астам өрт сөндіруші-құтқарушы біріншілік үшін күресті.
Қорытынды бойынша жалпы командалық есепте келесі командалар чемпион атанды:
Ерлер арасында
1 орын - Шығыс-Қазақстан облысы ТЖД құрама командасы
2 орын – Астана қаласы ТЖД құрама командасы
3 орын – Ақмола облысы ТЖД құрама командасы
Әйелдер арасында:
1 орын - Қостанай оюлысы ТЖД құрама командасы
2 орын - Астана қаласы ТЖД құрама командасы
3 орын - Маңғыстау ТЖД құрама командасы
Жасөспірім ұлдар арасында:
1 орын - Астана қаласы ТЖД құрама командасы
2 орын - Батыс-Қазақстан облысы ТЖД құрама командасы
3 орын - Шығыс-Қазақстан облысы ТЖД құрама командасы
Жеке біріншіліктегі қоссайыс бойынша орындар:
Ерлер арасында:
1 орын - 29,94 секунд нәтижесімен Абильюаев Дінмұхамед, Алматы қаласы
2 орын - 30,31 секунд нәтижесімен Қонысбаев Абай, Маңғыстау облысы
3 орын - 30,35 секунд нәтижесімен Буторин Николай, Шығыс-Қазақстан облысы
Әйелдер арасында:
1 орын - 24,32 секунд нәтижесімен Подгородецкая Кристина, Астана қаласы
2 орын - 24,49 секунд нәтижесімен Салмина Валентина, Шымкент қаласы
3 орын - 24,49 секунд нәтижесімен Сыромяжко Юлия, Қостанай облысы
Жеке және командалық сынақтардағы жеңімпаздар «Қазақстандық құтқарушыл қоры» Жеке қорының қолдауымен медальдармен, дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Чемпион командаларға жеңімпаздар кубогы табысталды.
Үздік спортшылар 2026 жылғы 21-22 сәуірде Астана қаласында өтетін Қазақстан Республикасының «Өрт қауіпсіздігі қауымдастығы» кубогына қатысу үшін іріктеледі.