Қазақстандық құтқарушылар қоры қызметтік жатақханаларды реновациялау жұмыстарын жалғастыруда

Қазақстандық құтқарушылар қоры қызметтік жатақханаларды реновациялау жұмыстарын жалғастыруда

  Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әріновтің тапсырмасына сәйкес азаматтық қорғау органдары жүйесінде қызметкерлердің әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыру бойынша жүйелі жұмыстар жалғасуда. Бұл бағыттағы негізгі басымдықтардың бірі жеке құрамды лайықты тұрғын үй жағдайымен қамтамасыз ету. Бұл өз кезегінде қызметтің тұрақтылығын сақтауға және кадрлық әлеуетті нығайтуға ықпал етеді.

  Қазақстандық құтқарушылар қоры қызметтік тұрғын үй қорын жаңғырту бойынша жұмыстарды тұрақты түрде жүзеге асыруда. Негізгі назар қызметкерлер мен олардың отбасылары тұратын жатақханаларды заманауи талаптарға сай жаңартуға және нақты қажеттіліктерін ескеруге бағытталған.

  Қазіргі таңда 12 пәтер жөндеуден өткізіліп, қызметкерлердің отбасыларына жаңартылған баспананың кілттері табысталды. Биыл тағы 8 пәтерде жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Пәтер толық дайын күйінде тапсырылады: ішкі әрлеу толық жаңартылып, санитарлық тораптар мен жуыну бөлмелері заманауи талаптарға сай жабдықталады, жаңа жиһаздар, оның ішінде ас үй гарнитурлары, шкафтар мен төсек орындар орнатылады. Пәтерлер қажетті тұрмыстық техникамен, оның ішінде тоңазытқыштар, пештер және кір жуғыш машиналармен толық жарақталған. Балалы отбасылар үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінуде, балалар жиһазын орнату және тұрмысқа ыңғайлы функционалдық аймақтарды ұйымдастыру көзделген.

  Осы іс-шараларды жүзеге асыру қызмет жағдайларын жақсартып, қызметкерлердің өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Жаңартылған тұрғын үйлер жайлы орта қалыптастырып, кезекшіліктен кейін толыққанды демалуға және отбасымен уақыт өткізуге жағдай жасайды. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.