Қазақстанда Ұлттық киім күні атап өтілуде. Сол күні Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері, сондай-ақ ведомство басшылығы мен аумақтық органдардың өкілдері қазақтың ұлттық киімдерін киіп жұмысқа келді.
Іс-шара «Наурызнама» онкүндігі аясында Наурыз мейрамын атап өтуге орай ұйымдастырылды.
Оған ТЖМ орталық аппаратының қызметкерлерімен қатар, өңірлік департаменттердің қызметкерлері де қатысты, бұл ұлттық салт-дәстүрлер мен мәдени құндылықтарды сақтау мәселелеріне деген ерекше көңіл бөлінетінін көрсетеді.
Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов аппараттық жиналыста осындай бастамалар ұлттық мәдениетті насихаттауға, рухани құндылықтарды нығайтуға және тарихи мұраға құрметпен қарауды қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.
Ұлттық киім тарихи-мәдени мұраның маңызды бөлігі болып табылады, халықтың тұрмыс-салты мен дүниетаным ерекшеліктерін көрсетеді және ұрпақ сабақтастығын сақтауға ықпал етеді.
Мұндай бастамалар ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрлерге деген құрметті нығайтуға бағытталған.