
Жамбыл облысында мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерімен қамтылмаған ауылдық елді мекендерде өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.
«Ауыл құтқарушылары» ТЖМ ведомстволық бағдарламасы аясында өңірде 2025 жылы Тоғызкент, Үшарал, Ауқатты, Қорағаты және А.Бүркітбаев атындағы ауылдарда 5 ерікті өрт сөндіру пункті ашылды. Пункттер ашылғаннан бері олар 100-ден астам шығу жасады.
Еріктілер өрт сөндіру автоцистерналарымен, киім-кешектермен және байланыс құралдарымен жарақталған, бұл төтенше жағдайларға жедел ден қоюға мүмкіндік береді.
Жеке құрамды дайындауға ерекше көңіл бөлінеді. Байзақ және Жамбыл аудандарында табиғи көздерден өрт сөндіру техникасымен су алу бойынша практикалық сабақтар өткізілді, бұл орталықтандырылған сумен жабдықталмаған аудандар үшін ерекше маңызды.
«Ауыл құтқарушылары» ерікті өрт сөндіру пункттерінің желісін дамыту өңірдің ауылдық елді мекендерінде өрт қауіпсіздігінің деңгейін арттыруға ықпал етеді және төтенше жағдайларға жедел ден қоюды қамтамасыз етеді.