Құтқарушылардың жаңа пәтерлері: Алматыда ТЖМ қызметкерлеріне пәтер кілттері табысталды

Құтқарушылардың жаңа пәтерлері: Алматыда ТЖМ қызметкерлеріне пәтер кілттері табысталды

  Алматыда азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне жаңа пәтерлердің кілттері табысталды. Рәсімге Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов қатысып, құтқарушылардың отбасыларын қоныс тойымен құттықтады.

  Тұрғын үй 112 екі құтқару кешенінің аумағында заманауи форматта салынған. Жоба күн сайын тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қызметкерлер үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

  «Негізінде біздің қызметкерлер тек жеке заттарымен келіп, бірден тұруына болады. Мұндай стандартты біз Астана мен Атырауда енгіздік, енді оны Алматыда жүзеге асырып жатырмыз. Біздің міндетіміз күн сайын азаматтардың өмірін құтқарып жүрген адамдарға лайықты жағдай жасау», — деп Шыңғыс Әрінов атап өтті.

  Пәтерлер тұруға толығымен дайын: олар құтқарушыларға жиһазбен және тұрмыстық техникаларымен бірге берілуде. Онда  кереует, шкафтар, дивандар, ас үй жиһаздар, тоңазытқыштар, электр плиталары, кір жуғыш машиналар, теледидарлар және микротолқынды пештер орнатылған. Жылу, ыстық су жүйелері және заманауи санитарлық тораптар көзделген. Ведомство басшысының айтуынша осындай пәтер форматы қызметкерлерге кілт алғаннан кейін бірден қоныстануға мүмкіндік береді.

  Апартаменттер 22 құтқарушының отбасына қызметтік тұрғын үй ретінде беріледі. Мұндай жобалар қызметкерлерді қолдауға бағытталған.