Адам өмірін құтқарушы әйелдер: адалдық пен кәсібиліктің оқиғасы

Адам өмірін құтқарушы әйелдер: адалдық пен кәсібиліктің оқиғасы

  8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қазақстан ТЖМ қызметкерлері арасында кәсібилігі мен қызметке адалдығымен ерекше көзге түскен әйелдерді атап өтеді.

  Эльмира Көбейсінқызы Гумарова Атырау облысы ТЖД Кадр және тәрбие жұмысы басқармасы кәсіби қызметтік және дене даярлығы тобының бас маманы азаматтық қорғау подполковнигі. Ол әкесінің ісін жалғастырып, азаматтық қорғау органдарында 2007 жылдан бастап қызмет атқарады. Эльмира Көбейсінқызы жеке құрамның кәсіби даярлығын ұйымдастыруға, қызметтік тәртіпті нығайтуға және қызметкерлердің дене даярлығын дамытуға елеулі үлес қосады. Жоғары кәсібилік, жауапкершілік пен қызметке адалдық оны ұжымның мақтанышы етеді.

  Жұлдыз Аманжолқызы Жұбатқанова Ұлытау облысы Жезқазған қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы, 2023 жылдан бастап төтенше жағдайлардың алдын алу, жаттығулар ұйымдастыру және түсіндіру-профилактикалық іс-шараларға белсенді қатысып келеді. Оның кәсібилігі, еңбекқорлығы және жауапкершілігі әріптестерінің құрметіне ие және қала тұрғындарына сыйлы. Ол жұбайымен бірге екі баланы тәрбиелейді.

  Анара Найманқызы Төлебаева Петропавл қаласының №3 өрт сөндіру бөлімінде радиотелефонист болып жұмыс істейді, азаматтық қорғау сержанты. Полиция офицері болып қызмет атқаратын жұбайы оны азаматтық қорғау органдарында қызмет атқаруға шабыттандырды. Төтенше жағдайлар туралы қоңырауларды қабылдай отырып, Анара деректердің жедел жеткізілуін қамтамасыз етеді, бұл көбінесе адамдардың өміріне тікелей әсер етеді. Ұжымда Анара лайықты беделге ие. Ол жұбайымен бірге қызы Аяулым мен ұлы Батырханды тәрбиелеп келеді. Өмірлік ұраны «Оқы, дамы, позитивпен өмір сүр!».

  Азаматтық қорғау органдарында қызметке адалдық танытқан барлық әйелдерге шексіз алғысымызды білдіреміз. Олардың үлгісі – бұл ұрпақ сабақтастығы, кәсібилік, еңбекқорлық және таңдаған мамандыққа шынайы махаббат туралы тарих.