
ТЖМ қатарындағы әйел офицерлер күн сайын азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жеке құрамның моральдық-психологиялық жағдайын қолдауға айтарлықтай үлес қосып келеді, қызметі мен отбасылық міндеттерін қатар атқарады.
Медициналық қызмет аға лейтенанты Балғазина Аяжан Қайратқызы үшінші жыл қатарынан Есет батыр Көкіұлы атындағы 20982 әскери бөлімінің медициналық пунктін басқарады. Ол адамдарға көмек көрсету мен дәрігер болуды армандаған. Бүгінде Аяжан бөлімшенің медициналық қамтамасыз етілуін ұйымдастырып, профилактикалық тексерулер жүргізеді, оқу-жаттығуларға қатысады және төтенше жағдайлар кезінде жеке құрамның денсаулығын қамтамасыз етеді. Аяжан қызметтің қатаң тәртібі мен екі баланың сүйікті анасы және адал жары рөлімен үйлестіріп, шабыт пен күш-қуатын отбасынан алады.
Әскери қызметші Айтбайқызы Әсем бала кезінен әскери психолог болуды армандаған. Бүгінде ол Мартбек Мамраев атындағы 52859 әскери бөлімінде қызмет етіп, оқу-жаттығулар, төтенше жағдайларды жою және әскери парадтарға қатысу кезінде жеке құрамға психологиялық қолдау көрсетеді. Әсем өз білімі мен дағдыларын үнемі жетілдіріп отырады. Екі ұл тәрбиелеп, отбасылық жылулықты сақтайды.
Лейтенант Есенгарина Данара Нұрғазықызы Қасым Қайсенов атындағы 68303 әскери бөлімі бастығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі көмекшісі. 2014 жылдан бері ол әскери қызметшілер арасында тәрбие, патриоттық және құқықтық жұмыстарды табысты ұйымдастырып, бөлімшенің моральдық-психологиялық ахуалының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Аға лейтенанты Әбдікалыкова Мақпал Мақсұтқанқызы 2013 жылы ТЖМ жүйесінде қызметін өрт сөндіру бөлімінің радиотелефонисі лауазымынан бастап, Бауыржан Момышұлы атындағы 28237 әскери бөлімі бастығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі аға көмекшісі қызметін атқарады. Оның кәсіби табандылығы тек қызметтік міндеттерде ғана емес, қысылтаяң жағдайда жол-көлік оқиғасында зардап шеккен адамдарға медициналық және психологиялық көмек көрсеткен кезде де көрініс тапты. Мақпал офицерлік борышымен қатар, екі ұлын сүйіспеншілікпен тәрбиелеуде.
Бұл нәзік жандылар жоғары кәсіби стандарттар мен адамгершілікті, мемлекетке қызмет етуді және отбасына қамқорлықты үйлестірудің үлгісі.
ТЖМ өздерінің аянбай қызмет етуі мен адалдығы үшін барлық әйел әскери қызметшілерге алғысын білдіреді. Олардың қызметі – бұл күн сайын Қазақстанды қауіпсіз ететін, батылдықты, тәртіптілікті және адамгершілік жылуды талап ететін таңдау.