Қазақстан Республикасының ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ бас директорының бұйрығымен қоғамның баспасөз хатшысы болып Бекзада Тәжібаева тағайындалды.
Бекзада Тәжібаева 1999 жылғы 5 наурызда Атырау облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Филология» мамандығы (бакалавр), сондай-ақ Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша (магистр) бітірді.
Еңбек жолын ішкі істер органдарында бастады, онда Атырау қаласы полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің жетекші маманы лауазымында жұмыс істеді. Тағайындалғанға дейін Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар тобының бас маманы болып қызмет атқарды.
Ішкі істер органдарында және азаматтық қорғау жүйесінде алты жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволық наградаларымен наградталған.