
«Мұз» республикалық үгіт-насихаттау алдын алу акциясы аясында адамдардың мұзда қаза болуын болдырмауға бағытталған кешенді шаралар жүргізілуде.
Құтқару бөлімшелерінің үйлесімді жұмысының арқасында 32 адам, олардың ішінде 13 бала құтқарылды. Бүгінгі таңда 21 мыңнан астам рейд пен патрульдеу шарасы ұйымдастырылды, 78 мыңнан астам азаматпен профилактикалық әңгімелер жүргізілді, 33 мыңнан астам балықшыға нұсқаулықтар берілді.
Тұрғындардың әлсіз мұзға шығу жағдайларының жиілеуіне байланысты Алматы облысында су айдындарындағы жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыс күшейтілді. Жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында ТЖД қызметкерлері кешкі және күндізгі тепловизоры бар ҰҰА пайдалана отырып тұрақты профилактикалық рейдтер, түсіндіру жұмыстары мен мұздың қалыңдығын өлшеу жұмыстарын атқарады. Қазіргі таңда «Мұзға шығуға тыйым салынады» және «Абайлаңыз, мұз жұқа» атты 80-ге жуық ескерту белгісі орнатылған.
Шығыс Қазақстанда құтқарушылар қысқы су айдындарындағы жұмысты күшейтті. Жүргізілген 1350 рейд пен түсіндіру іс-шарасы барысында құтқарушылар азаматтарға қысқы кезеңде су айдындарында қауіпсіз жүріс-тұрыстың негізгі ережелерін еске салады. Негізгі назар профилактикаға аударылады: тұрғындарға шұғыл қызметтердің нөмірлері ескертіледі, ережелер түсіндіріледі, сондай-ақ су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтау үшін азаматтардың жеке жауапкершілігі атап өтіледі. Рейдтер барысында мұзға шыққан су айдындарындағы қауіпсіздік шараларын бұзған 44 адам өз өмірін қатерге тігіп, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
ТЖМ су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді. Бір адам үшін мұздың қауіпсіз қалыңдығы кемінде 10 см болуы тиіс, ал қараңғы уақытта, нашар көріну кезінде, мұз қата бастаған және еру кезеңінде мұзға шығуға қатаң тыйым салынады! Мұздың қалыңдығы 10-25 см аралығында болған жағдайда мұз астынан балық аулауға тек құтқару жилеті болған кезде рұқсат етіледі!
Мұзда болған кезде:
1) мұздың жұқа және қатпаған жерлеріне шығуға;
2) мұздың жекелеген (қауіпті) учаскелерінде топтармен жиналуға;
3) мұздағы ойықтарға, жарықшақтарға жақындауға;
4) өткелдер үшін бөлінген орындардың шекарасынан тыс көлік құралдарымен мұзға шығуға;
5) от жағуға;
6) 20 сантиметрден аз қашықтықта екі ойық, ал басқа жұп ойықтардан 2 метрден аз қашықтықта екі ойық жасауға;
7) мұзда жабдықтар мен қоқыстарды қалдыруға жол берілмейді.
ТЖМ азаматтарды абай болуға, өз өміріне және айналасындағы адамдардың өміріне қауіп төндірмеуге шақырады. Қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтау апаттарды болдырмауға көмектеседі.