Тараз тұрғындары өрт кезінде адамдарды құтқарғаны үшін марапатталды

Тараз тұрғындары өрт кезінде адамдарды құтқарғаны үшін марапатталды

  Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментінде 1 қаңтар күні Тараз қаласында орын алған өрт кезінде батылдық пен жанқиярлық танытқан азаматтарды салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

  Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әріновтің бұйрығымен азаматтық жауапкершіліктің жоғары үлгісін көрсетіп, адамдарды құтқару барысында жеке батылдығы мен шешімді әрекеттері үшін «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен Ерғали Рысбайұлы Кенжебаев марапатталды. Оның өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейінгі батыл әрі сауатты іс-қимылының арқасында жанып жатқан ғимараттан келушілері эвакуацияланды.

  Өз өміріне қауіп төнгеніне қарамастан, түтінге толы ғимараттан адамдарды эвакуациялауға белсенді қатысып, олардың аман қалуына ықпал еткен  Таймырза Айдарұлы Сейтхан Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Арман Тоқановтың алғыс хатымен марапатталды

  Департамент басшылығы мұндай әрекеттер азаматтық жауапкершіліктің, жанашырлықтың және қиын сәтте көмекке келуге дайын болудың жарқын үлгісі екенін атап өтті. Марапат иелерінің батылдығы мен жанқиярлығы шынайы құрмет пен алғысқа лайық.