Батыс Қазақстан облысында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Жол бер» республикалық акциясы шеңберінде жол қауіпсіздігін арттыруға және арнайы көлікпен дұрыс өзара іс-қимыл мәдениетін қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік эксперимент өтті.
Құтқарушылар жүргізушілерге көлік ағынында, кептеліс кезінде және жол қиылыстарында арнайы көлікке қалай дұрыс жол беру керектігін көрсетті. Эксперимент жүргізушілердің уақытылы және сабырлы әрекет етуі арнайы техниканың оқиға орнына жедел жетуіне мүмкіндік беретінін айқын көрсетті.
Жол қозғалысы ережелерін сақтау – жай ғана міндет емес, қоғамның ортақ қауіпсіздігінің маңызды бөлігі. Әрбір жүргізуші ережені сақтай отырып, құтқарушылардың жедел әрекет етуіне және адам өміріне төнетін қауіптің азаюына өз үлесін қосады.
ТЖМ тұрғындарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және арнайы автокөліктерге әрдайым жол беруге шақырады. Себебі әр секунд шешуші болуы мүмкін.