«Жол бер» акциясы: әр сәт маңызды

«Жол бер» акциясы: әр сәт маңызды

  Алматы облысында «Заң және тәртіп» қағидатына сәйкес Қазақстан ТЖМ ұйымдастыруымен «Жол бер» республикалық акциясы өтті. Іс-шара жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталып, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасында өзара құрмет мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

  Акция барысында жол қозғалысына қатысушыларға жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңыздылығы мен жарық және дабыл сигналдары қосылған арнайы көлікке дер кезінде жол берудің қажеттілігі еске салынды. Құтқарушылар мен тиісті қызметтердің қызметкерлері жүргізушілермен және өңір тұрғындарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

  Профилактикалық іс-шара аясында оннан астам жүргізуші арнайы көлікке дереу жол беріп, жоғары жауапкершілік пен құқықтық сана үлгісін көрсетті. Бұл мысалдар көлікті қауіпсіз жүргізу мәдениетінің жеке тәртіп пен айналадағыларға деген құрмет арқылы қалыптасатынын айқын дәлелдеді. Сонымен қатар жол қозғалысы ережелерінің талаптарын елемеген жекелеген жағдайлар да тіркелді.

  Уақытылы берілген жол – бұл адам өмірі мен денсаулығын құтқарып қалуда шешуші мәнге ие болатын құнды минуттар.