Елімізде Азаматтық қорғаныс айлығы басталды

Елімізде Азаматтық қорғаныс айлығы басталды

  Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін «Тұрақты және қауіпсіз болашақ үшін экологиялық тәуекелдерді басқару» ұранымен атап өту аясында республиканың барлық облыстары мен қалаларында химиялық, радиациялық және биологиялық қауіпті нысандарда оқу-жаттығулар мен жаттығулар өткізіледі. Бір ай бойы ТЖМ бөлімшелерінде арнайы техниканы, авариялық-құтқару құралдары мен жабдықтарын таныстыру мақсатында экскурсиялар ұйымдастырылып, өткізілетін болады.

  Республиканың түкпір-түкпірінде барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарында өскелең ұрпақ арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және оқушылар мен студенттердің азаматтық қорғау саласындағы білім деңгейін арттыруға бағытталған ақпараттық-насихаттау іс-шаралары басталды.

  Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күнін өткізу табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қаупі туындаған кезде халықты қорғау жөніндегі іс-шаралар мен жедел қызметтердің маңыздылығын арттыруда маңызды рөл атқарады.