
Жетісу облысының әкімдігінде Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов пен облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың жұмыс кездесуі өтті.
Кеңес барысында тікұшақ техникасына арналған ангар салу, сондай-ақ Жетісу облысы ТЖД бөлімшелерін қажетті заманауи техникамен және жабдықтармен күшейту мен қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Тараптар материалдық-техникалық базаны одан әрі дамыту, әрекет ету жеделдігін арттыру және өңірдің азаматтық қорғау жүйесін нығайту бойынша алдағы қадамдарды талқылады.
ТЖМ басшысы Шыңғыс Әрінов: «Министрлік өңірге жан-жақты қолдау көрсетеді. Барлық ұсыныстар мен бастамалар егжей-тегжейлі пысықталып, қажетті шешімдер қысқа мерзімде қабылданады», - деп атап өтті.
Кездесу барысында гарнизонды одан әрі жаңғырту және оның материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша нақты қадамдар мен жоспарлар да талқыланды.