Өмір үшін жол беру құқығы: Қостанайдағы «Жол бер!» акциясы

Өмір үшін жол беру құқығы: Қостанайдағы «Жол бер!» акциясы

  Қостанай қаласында «Заң және тәртіп» қағидатына сәйкес «Жол бер!» республикалық акциясы шеңберінде профилактикалық эксперимент өткізілді. Қазақстан ТЖМ қызметкерлері жүргізушілерге жарық және дабыл сигналдары қосылған кезде өрт сөндіру техникасына, жол беру ережелерін еске салу үшін  көшелерге шықты.

  Құтқарушылар полиция қызметкерлерімен бірлесіп қарбалас қозғалыс кезінде, кептелісте және қиылыстарда әрекет ету алгоритмін түсіндірді. Арнайы көліктің кедергісіз өтуі үшін бос дәліз қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

  Әңгімелесу барысында көптеген көлік иелері жедел қызметтердің дабылдарына уақытылы әрекет етудің маңыздылығын түсінетіндерін атап өтті. Мамандардың айтуынша, жолдағы әрбір минут адам өмірін құтқару мен өртті сөндіру кезінде шешуші рөл атқаруы мүмкін.

  «Жол бер!» акциясы жолдағы өзара құрмет мәдениетін қалыптастыруға және жол қозғалысына қатысушылардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған.