«Көктем-2026» РКШОЖ бірінші күні

«Көктем-2026» РКШОЖ бірінші күні

  2026 жылғы 25 ақпанда елімізде «2026 жылғы көктемгі кезеңдегі су тасқыны жағдайының қолайсыз дамуында төтенше жағдайларды жою кезінде құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды дайындау және жүргізу» тақырыбында «Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды.  

  Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің және халықтың көктем мезгілі жағдайындағы төтенше жағдайларды жоюға дайындығы мен қабілеттілігін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының көктем кезеңдегі ТЖ-ға ден қоюға дайындығын тексеру мақсатында өткізіледі.

  Оқу-жаттығуды үйлестіру және басшылық ету республикалық штабы Астана қаласындағы ҚР ТЖМ  Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару орталығының базасында орналасады. Оқу-жаттығудың жетекшісі-Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр генерал-майор Р.Ф. Камалов.

  Оқу-жаттығуға республикалық азаматтық қорғау қызметтері, орталық атқарушы органдар, жергілікті атқарушы органдар, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары қатысуда.

  Оқу-жаттығу шеңберінде еліміздің түкпір-түкпірінде ТЖ-ны жою жөніндегі іс-қимылдарды пысықтау бойынша командалық-штабтық жаттығулар, авариялық-құтқару қызметтерімен және азаматтық қорғау құралымдарымен практикалық іс-қимылдар өткізілетін болады.

  Оқу-жаттығудың бірінші күні көктемгі кезеңдегі ТЖ-ны жою үшін тартылатын күштер мен құралдар топтамасының дайындығына келтірілді, ТЖ-ны жою бойынша шешімдер қабылдау және іс-шараларды орындау бойынша іс-шаралар пысықталуда. Республикалық және аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығы тексерілді.

  Өңірлерде елді мекендерден қар шығару, автомобиль және теміржол жолдарындағы каналдарды, арықтарды, су өткізу құрылыстарын тазарту жұмыстары, сондай-ақ барлық азаматтық қорғау қызметтерін тарта отырып, басқа да алдын алу іс-шаралары жүргізілуде.

  Практикалық іс-қимылдарды пысықтау үшін су басуға неғұрлым бейім елді мекендер айқындалды, онда су тасқыны қаупі төнген және туындаған кезде азаматтық қорғау қызметтерінің іс-қимылдары бойынша өңірлік тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өткізіледі.

  Оқу-жаттығудың соңғы кезеңі су тасқыны қаупі төнген және орын алған кезде қызметтердің іс-қимылдарын үйлестіруді арттыруға бағытталған өңірлік тактикалық-арнайы жаттығулар болады.