Оқу-жаттығулар шеңберінде Алматы қаласында, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Жетісу және Ұлытау облыстарында ТЖ жою жөніндегі іс-қимылдарды пысықтау бойынша командалық-штабтық жаттығулар өткізіліп, авариялық-құтқару қызметтері және азаматтық қорғау құралымдарының қатысуымен практикалық іс-қимылдар пысықталуда.
Практикалық іс-қимылдарды пысықтау үшін су басуға неғұрлым бейім елді мекендер айқындалды, онда су тасқыны қаупі төнген және туындаған кезде азаматтық қорғау қызметтерінің іс-қимылдары бойынша өңірлік тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар ұйымдастырылды.
Алматы қаласында оқу-жаттығулар аясында халықты құлақтандыру жүйесі іске қосылып, азаматтық қорғау күштері мен құралдары ең жоғары дайындыққа келтірілді. Практикалық бөлімде жедел-құтқару қызметтерін жинау, бөлімшелерді шартты авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілетін аймаққа баруы, су сорғыш техника мен арнайы жабдықтардың техникалық дайындығын тексеру шаралары пысықталды. Сонымен қатар қаланың арық жүйесін тазалау бойынша алдын алу жұмыстары басталды. 26 ақпанда оқу-жаттығулардың белсенді кезеңі жалғасады: зардап шеккен тұрғындарды қабылдау пункттері ашылып, арық желісін тазалау, сондай-ақ су тасқыны суларының еркін өтуін қамтамасыз ету үшін өзен арналарын мұз бен қоқыстан тазалау жоспарлануда.
Ақмола облысында Бұланды ауданының Макинск қаласына жақын жердегі елді мекенде бөгеннің жарылуы моделденді. Жедел-құтқару күштері мен құралдары шартты төтенше жағдайды жоюға дереу кірісті. Халықты құлақтандыру жүргізіліп, ықтимал су басу аймағындағы тұрғындарды эвакуациялау ұйымдастырылды. Оқу-жаттығу барысында электр желілерінің тіректерінің шартты құлау жағдайындағы әрекеттер де пысықталды. Су айдынында «Қазавиақұтқару» авиациясының қатысуымен шартты мұз астына түсіп кеткен балықшыны құтқару іс-шаралары өткізілді. Практикалық бөлігі аяқталған соң, барлық қатысушы бөлімшелердің әрекеттері қорытындыланды және талқыланды.
Алматы облысында оқу-жаттығулардың практикалық бөлігі Талғар ауданының Туздыбастау ауылында өткізілуде. Практикалық шаралар аясында 1,2 текше метр тұрмыстық қатты қалдық шығарылып, Қотырбұлақ өзенінің арнасы 250 метр ұзындығында кеңейтіліп, тереңдетілді. Бұл алдын алу шаралары болашақ су тасқыны кезінде 7-ден астам нысан мен 27 жеке тұрғын үйді су басу қаупінен қорғауға мүмкіндік береді.
Шығыс Қазақстан облысында оқу-жаттығулардың практикалық бөлігі өңірдің аудандары мен қалаларын қамтып, шамамен 800 қызметкер және 300-ден астам бірлік техника жұмылдырылды. Облыс орталығында Ертіс өзеніндегі су деңгейінің көтерілу жағдайында әрекет ету жаттығулары өткізілді: жоғары өтімді техника мен су көліктерінің көмегімен аралдарда қалған тұрғындарды эвакуациялау, дауыс күшейткіш арқылы хабарландыру, медициналық және психологиялық көмек көрсету, дамбаларды нығайту және зардап шеккендерге арналған уақытша орналастыру пункттерін дайындау. Ерекше көңіл азаматтық қорғау күштерінің cу тасқынына дайындығын, техниканың және персоналдың дайындығын тексеруге, сондай-ақ су басудың теріс салдарын азайтуға аударылды. Өңірлік штаб барлық келіп түскен сигналдар мен ТЖ кезіндегоі әрекеттерді пысықтап, басқа өңірлерге көмек көрсету үшін инженерлік техниканы үйлестіруді қамтамасыз етті. Барлығы 71 тасқын қауіпті елді мекен анықталып, 3677 адамнан, 556 бірлік техникадан, 75 су көлігінен және 234 моторлы сорғыдан тұратын күштер тобы құрылды, 182 қабылдау пункті дайындалып, олардың жалпы сыйымдылығы 21 мыңнан астам адамды құрады. Оқу-жаттығулар соңында талдау жүргізіліп, авариялық-құтқару бөлімшелерінің дайындығы бағаланып, азаматтық қорғау жүйесін жетілдірудің басым бағыттары анықталды.
Оқу-жаттығулардың практикалық бөлігі Жамбыл облысының Т. Рысқұлов атындағы ауданда өтті. Сценраий бойынша Шөнгер өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты елді мекенді су басу қаупі туындап, тұрғындарды хабардар ету, эвакуациялау және қауіпсіз аймаққа орналастыру шаралары ұйымдастырылды. Құтқарушылар шартты зардап шеккен адамды эвакуациялап, алғашқы медициналық көмек көрсету алгоритмін орындады. Сонымен қатар су айдау жұмыстары жүргізіліп, бөгеттерді нығайту, ауыз су сапасын бақылау және малды қауіпсіз аймаққа көшіру шаралары атқарылды. Оқу-жаттығу азаматтық қорғау қызметтерінің дайындығын тексеріп, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталды.
Жетісу облысында оқу-жаттығуларды өткізу орталығы ретінде Талдықорған қаласы айқындалды. Практикалық іс-шаралар қала аумағында, елді мекендер маңында, сондай-ақ қалаға іргелес және қалаішілік аумақтарда өткізілді. Оқу-жаттығулар барысында өзен арналары тазартылып, тереңдетілді, су өткізу жүйелері мен су бұру арналарының өткізу қабілеті қалпына келтірілді. Қарсы тасқын іс-шаралары қала шегінде де, одан тыс жерлерде де жүзеге асырылды.
Маңғыстау облысында су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулардың бірінші күні өтті. Іс-шара барысында басқару органдарын дайындау, әрекет ету жоспарларын нақтылау, халықты құлақтандыру жүйесін тексеру және тұрғындарды су басу аймақтарынан эвакуациялауға дайындық мәселелері пысықталды. Гидротехникалық нысандардың жағдайына, уақытша орналастыру пункттерінің дайын болуына, инертті материалдардың, өтімділігі жоғары техника, су көліктері және моторлы сорғылардың жеткілікті болуына ерекше көңіл аударылды. Практикалық шаралар Ақтау қаласында өтті, «Приморский», 33 және 34А шағынаудандарында шартты төтенше жағдайларды, атап айтқанда су басу, инженерлік желілердің зақымдануы және табиғи газдың ағып кетуін жоюға арналған жедел штабтар орнатылды. Оқу-жаттығуға ТЖД бөлімшелері, коммуналдық қызметтер, бейінді ұйымдардың авариялық бригадалары және әскери қызметшілер қатысты. Бірінші күннің қорытындысында қызметтердің үйлесімді әрекеті, шешім қабылдаудың жеделдігі және тұрғын алаптарды су басу қаупі жағдайында байланыс жүйесінің тұрақтылығы атап өтілді.
Павлодар облысында оқу-жаттығулар Атамекен кентінде өткізілді. Мұнда мобильді басқару пункті мен жинақталған эвакуациялау пункті орнатылып, тұрғындардың жылыту пунктіне эвакуациясы ұйымдастырылды, оларды ыстық тамақпен және орналастыру орындарымен қамтамасыз етті. Сондай-ақ 507 текше метр қар шығарылып, ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіз аймақтарға көшірілді. 5512 әскери бөлімінің қызметшілері әлеуметтік осал тұрғындардың ауласын қардан тазалады. Аэроқайық мен өтімділігі жоғары техника қолданылып, іздестіру-құтқару операциясы жүргізілді.
Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы мен аудандарында оқу-жаттығулар барысында алдын алу мақсатындағы су тасқынына қарсы іс-шараларға техника қатыстырылып, жедел әрекет ету жасақтарының дайындығы тексерілді. ТЖД қызметкерлері, Ұлттық гвардия әскери қызметшілері, жергілікті органдар және волонтерлердің қатысуымен қар тазалау, арықтар мен дренаж жүйесін, су өткізу құрылғыларын, соның ішінде жалғыз тұратын зейнеткерлердің аумақтарын тазалау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар тұрғындар арасында алдын алу шаралары жүргізіліп, ескерту парақшалары таратылып, су тасқыны кезіндегі әрекеттер түсіндірілді.
Оқу-жаттығудың практикалық бөлігі барысында Ұлытау облысының Қостанкелді және Бекболатсай шағын аудандарында арықтарды, су өткізу құбырларын және өзге де су бұру құрылыстарын тазалау жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ қалаішілік көшелерден қарды тазалау және шығару жұмыстары ұйымдастырылды. Оқу-жаттығу сценарийіне сәйкес ауылдық елді мекенде тұрғын үйлерді су басу жағдайын жою бойынша практикалық іс-қимылдар пысықталды. Инертті материал толтырылған қаптардан қорғаныш үйінді бөгені тұрғызылды, қар шығару жұмыстары жүргізілді, зардап шеккендерді эвакуациялау және оларды эвакуациялау пункттеріне орналастыру, сондай-ақ жекеменшік секторда су тасқыны қаупі туындаған жағдайда халықты құжаттандыру ету шаралары жүзеге асырылды. Сонымен қатар қарқынды қар еру салдарынан «Жезқазған – Есіл – Петропавл» автожолының шайылу салдарын жою, сондай-ақ Көктенкөлсай көшесіндегі арық жүйесінде су деңгейінің көтерілуін жою бойынша іс-қимылдар пысықталды. Оқу-жаттығу аясында су айдынында шартты балықшыны құтқару және оған алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша құтқару жұмыстары жүргізілді.