Анонс: «Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы

Анонс: «Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы

  2026 жылғы 25-27 ақпанда еліміздің барлық өңірлерінде «2026 жылғы көктемгі кезеңдегі су тасқыны жағдайының қолайсыз дамуында төтенше жағдайларды жою кезінде құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды дайындау және жүргізу» тақырыбында «Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді. 

  Оқу-жаттығуды үйлестіру және басшылық ету республикалық штабы Астана қаласындағы ТЖМ  Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару орталығының базасында орналасады. Оқу-жаттығу шеңберінде үш күн бойы профилактикалық іс-шаралар кешені өткізіледі.

  Сонымен қатар «Баршаның назарына!» дабылы бойынша аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында 2026 жылғы 25 ақпанда сағат 11.00-де еліміздің өңірлеріндегі барлық сирена-сөйлеу қондырғылары мен электрсиреналар қосылатын болады. Осыған орай тыныштық сақтап, үрейге бой алдырмауларыңызды сұраймыз. 

 

Аккредиттеу мәселелері бойынша

ТЖМ баспасөз қызметіне

87771153884, 87015290187

телефондарына хабарласыңыздар