Қазақстанның өңірлерінде ауқымды өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өтті

Қазақстанның өңірлерінде ауқымды өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өтті

  Атырау, Ақтау, Көкшетау, Қостанай, Семей, Павлодар, Орал қалалары мен Алматы облысында азаматтық қорғау бөлімшелерінің дайындық деңгейін арттыруға және нысан персоналымен өзара іс-қимылды жетілдіруге бағытталған жоспарлы өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді.

  Атырау қаласында «Дина» сауда-өндірістік кешенінде өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Оқу-жаттығу мақсатына сәйкес электр желісінің қысқа тұйықталуы салдарынан екінші қабаттағы бутиктердің бірінде шартты өрт шықты. Нысан қызметкерлері дер кезінде өртке қарсы қызметке хабар беріп, адамдарды эвакуациялауға кірісті. Оқиға орнына келген бөлімшелер өртті сөндіру бойынша іс-қимылдарды пысықтады. Автосатыны пайдалану арқылы өрттің төбе жабындарына таралуына жол берілмеді.

  Маңғыстау облысы ТЖД бөлімшелерінің қатысуымен Ақтаудағы Caspian Riviera қонақ үй кешенінде өрт‑тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Оқу-жаттығу барысында бесінші қабаттағы қоймада тоңазытқыш жабдығында қысқа тұйықталу салдарынан шыққан өрт оқиғасы имитацияланды. Қонақтар мен персонал қауіпсіз аймақтарға жедел эвакуацияланды. Бөлімшелер барлау жұмыстарын жүргізіп, газ-түтіннен қорғау қызметінің топтарын ұйымдастырды, шартты зардап шеккендерді құтқару және өрт ошағын сөндіру әрекеттерін пысықтады.

  Алматы облысының Райымбек ауданында құжаттарды сақтау архиві базасында шартты өрт жағдайында оқу-жаттығу өткізілді. Оқиға орнында штаб ұйымдастырылып, жедел барлау жүргізілді және күштер мен құралдар жауынгерлік қанат жайды. Оқу-жаттығу әрекеттердің үйлесімділігін, шешім қабылдаудың жеделдігін және арнайы техниканың дайындық деңгейін тексеруге мүмкіндік берді.

  Көкшетау қаласында Жоғары медициналық колледж базасында шартты өрт туындаған жағдайда оқу-жаттығу эвакуациясы өткізілді. Іс-шара жоспарлы сипатта өтіп, өрт кезіндегі әрекет ету алгоритмдерін пысықтауға, хабарлау жүйесінің тиімділігін тексеруге және жедел қызметтердің өзара іс-қимылын жетілдіруге бағытталды. Эвакуация барысында адамдарды ғимараттан жедел шығару, қауіпсіз аймақтарға қозғалу бағыттарын сақтау және жауапты тұлғалардың үйлесімді іс-қимылы пысықталды. Барлық қойылған мақсаттар мен міндеттер толық көлемде орындалды.

  Қостанай қаласында Қостанай облысы ТЖД қызметкерлері екі нысанда – «Отау Сауда» сауда базары мен «Дилерлік орталық Тарлан» ЖШС ғимаратында өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізді. Оқу-жаттығу мақсаты бойынша сауда базарының ірге қабатында шартты өрт шықты, онда шамамен 200 адам болғандықтан эвакуация жолдарының түтінмен толуы жағдайды күрделендірді. Сонымен қатар дилерлік орталықтың қоймасында қысқа тұйықталу салдарынан суық үй-жайда шартты өрт шықты, бұл өрттің көршілес бөлмелерге таралуына және техникалық қызмет көрсету станциясын түтін басуына әкеп соқты. Екі жағдайда да нысан персоналы өрт ошақтарын уақытында анықтап, құлақтандыру және адамдар мен мүлікті эвакуациялауды ұйымдастырды. Ал ТЖД бөлімшелері оқиға орнына жедел жетіп, барлау жүргізді, шартты зардап шеккендерді құтқару, өрт сөндіргіш заттарды беру және газ-түтіннен қорғау қызметінің буындарының жұмысын, оның ішінде автосатыны пайдалану арқылы әрекеттерді пысықтады.

  Семей қаласында «Асима» сауда-ойын-сауық орталығы базасында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті. Аңыз бойынша ғимаратта шартты өрт орын алды. Абай облысы ТЖД бөлімшелері оқиға орнына жедел келіп, адамдарды құтқару және эвакуациялау алгоритмдерін пысықтады. Жаттығу барысында 7 адам құтқарылып, сауда-ойын-сауық орталығының 20 келушісі эвакуацияланды.

  Павлодар қаласында көпқабатты тұрғын үйде өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Сценарий бойынша жоғарғы қабаттағы пәтердің бірінде өрт шыққан. Оқиға орнына гарнизон күштері мен құралдары жедел жіберілді. Өрт бөлімшелері барлау жұмыстарын жүргізіп, техниканы орналастырды, тұрғындарды эвакуациялау мен шартты жараланғандарды құтқаруды ұйымдастырды. Газ-түтіннен қорғау қызметі буындарының жұмысына, суды биіктікке жеткізуге және басқа тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.

  Орал қаласында оқу-жаттығу халық көп жиналатын нысанда – «Nazel DeLux» монша кешенінде өткізілді. ТЖД жеке құрамы әкімшілікпен бірлесіп, ғимараттың конструктивтік ерекшеліктерін ескере отырып, келушілерді эвакуациялау және өрт ошақтарын сөндіру алгоритмдерін пысықтады.

  Халық көп жиналатын нысандар мен тұрғын үй секторларында өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізу өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін жетілдіруге, ведомстволар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға және азаматтардың қауіпсіздік деңгейін арттыруға ықпал етеді.