Қазақстанның ТЖМ құтқарушылары өткен демалыс күндері қар құрсауынан 126 адамды құтқарды және эвакуациялады

Қазақстанның ТЖМ құтқарушылары өткен демалыс күндері қар құрсауынан 126 адамды құтқарды және эвакуациялады

  Ауа-райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты өткен екі тәулікте ТЖМ құтқарушылары  қар құрсауынан 126 адамды, оның ішінде 10 баланы құтқарып, эвакуациялады, сондай-ақ 120 автомашинаны шығарды.

  Ауа-райының нашарлауы туралы дауылды ескертулер мен автожолдардың жабылуы туралы хабарламалар СМС-хабарламалар, ТЖМ, аумақтық бөлімшелердің интернет-ресурстары және әлеуметтік желілері арқылы халыққа жеткізілді. Авариялық-құтқару және іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге құтқарушылар мен полиция қызметкерлері қатысты.

Құтқару жұмыстарын ерекше атап өткен жөн:

  Жамбыл облысында қар құрсауынан 50 жеңіл және 30 жүк автокөлігі шығарылды

  Қордай ауданындағы Қордай ескі асуында (170–190 км) ауа райының қолайсыздығына байланысты жүк автокөліктері қар құрсауында қалып, автожолдың жүру бөлігін жауып тастады. Соның салдарынан көлік құралдары жиналды. ТЖМ күштерімен қар құрсауынан 50 жеңіл және 30 жүк автокөлігі қауіпсіз жерге шығарылды. Ауа райының қолайсыздығына және автожолдардың жабылуына байланысты Жамбыл облысы ТЖД азаматтарға психологиялық көмек көрсету және ақпараттандыру мақсатында «жедел желі» телефондары ашылды.

  Жетісу облысында 73 адам қар құрсауынан құтқарылды

  Ақпанның 8-нен 9-ына қараған түнде Кербұлак ауданында «Сарыөзек – Көктал» республикалық маңызы бар автожолында ТЖМ қызметкерлері 71 адамды, оның ішінде 10 баланы, қар құрсауынан шығарды. Қарда 19 жеңіл көлік пен 2 жүк көлігі тұрып қалған болатын. Барлық құтқарылған адамдар Сарыөзек ауылына жеткізілді. Сондай-ақ жолдың тазартылған учаскесіне 15 жеңіл автомобиль сүйреп шығарылды, олардың ішінде 38 ересек адам болды, олар өз бетінше қозғалысты жалғастырды.

  Алакөл ауданында «Үшарал-Достық» автожолында Көктұма станциясынан 10 км қашықтықта ТЖД күштері қар құрсауында қалған жеңіл көліктен 2 адамды құтқарып, Көктұма станциясына жеткізді.

  Алматы облысында ТЖМ қызметкерлері қар құрсауынан 12 адамды құтқарды

  112 пультіне Іле ауданының Күрті ауылынан 10 км қашықтықтағы Қонаев- Күрті автожолында екі автокөлік қар құрсауында қалып қойғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел түрде жіберілген құтқарушылар қатты боран мен көрінудің шектеулі жағдайында азаматтарды эвакуациялау бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 12 адам, оның ішінде 1 бала құтқарылды. Барлық эвакуацияланғандар Қонаев қаласына жеткізілді.

  ТЖД қызметкерлері өтімділігі жоғары техникасында автожолдардың күрделі учаскелерінде адамдардың және кептелісте қалған автокөліктердің болуына патрульдеу жүргізуде. Құтқарушылар халыққа көмек көрсетіп, автожолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, тәулік бойы жұмыс істеуді жалғастыруда.

  Қазақстан ТЖМ азаматтарды сақтық шараларын сақтауға, дауылды ескертулерді қадағалауға және қолайсыз ауа райы жағдайында алыс сапарларға шықпауға шақырады. Ауыл тұрғындарына ауа-райының нашарлауы жағдайында ұзақ серуендеуден бас тарту ұсынылады.