
Отырыс бейнеконференциялық байланыс форматында өтті. Оған орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерінің орынбасарлары, аумақтық төтенше жағдайлар департаменттерінің басшылары, сондай-ақ ТЖМ-нің басшылары мен лауазымды тұлғалары қатысты.
Отырыс барысында 2026 жылғы су тасқыны қаупі бар кезеңге дайындық мәселелері, сондай-ақ көпқабатты тұрғын және әкімшілік ғимараттардың терезелерінен балалардың құлап кету қаупін азайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмысты үйлестіру мәселелері қаралды.
Отырыста төтенше жағдайлар, оқу-ағарту, жасанды интеллект және цифрлық даму, сондай-ақ өнеркәсіп және құрылыс министрліктерінің лауазымды тұлғалары баяндама жасады.
Мемлекеттік органдардың су тасқыны қаупі бар кезеңнен өтуге дайындығы мәселелері қаралды. Алдын алу жұмыстарының жай-күйі, құрылыс және пайдалану талаптарының сақталуы, терезе конструкцияларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, соның ішінде балалар көп шоғырланатын нысандардағы қауіпсіздік, сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимылды және халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттілігі талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша вице-министр мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға халықтың және ел аумағының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.