
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының Боранқұл ауылында ТЖМ «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында 155-ші ерікті өрт сөндіру пункті ашылды. Салтанатты іс-шараға Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Мұрат Мұханов, аудан әкімі Рахымжан Шалбаев және жергілікті тұрғындар қатысты.
Пункт жергілікті бюджет есебінен салынды және жарақталды. Өз тарапынан ТЖД оны қажетті өрт сөндіру техникасымен, нысанды киіммен және байланыс құралдарымен қамтамасыз етті. Сондай-ақ ерікті өртке қарсы құралымда кезекшілікке шыққан еріктілер өрт-құтқару тактикалық жаттығуларын қоса, арнайы оқудан өтеді.
8 мыңнан астам адам тұратын Боранқұл ауылы Бейнеу ауылынан солтүстік-батысқа қарай шамамен 110 км жерде орналасқан. Бұрын шалғайда орналасқан бұл елді мекенге өрт сөндіру бөлімшелерінің жедел жетуі қиын болатын.
Жаңа пункт өрт пен төтенше жағдайларға жедел әрекет ету жылдамдығын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді, бұл ауыл тұрғындарының өмірі мен мүлкін қорғауға септігін тигізеді. «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы азаматтық қорғау жүйесін күшейтуге, өрт қауіпсіздігін арттыруға және елдің шалғайдағы елді мекендерінде жедел әрекет ету деңгейін арттыруға бағытталған.