Алматы облысында жасөспірімдерді құтқарған азамат наградталды

Алматы облысында жасөспірімдерді құтқарған азамат наградталды

  Алматы облысының ТЖ департаментінде 2026 жылғы қаңтарда Жамбыл ауданының Үмбетәлі Кәрібаев ауылындағы су қоймасынан үш жасөспірімді құтқарған Альяр Ахтамановты салтанатты түрде наградтау рәсімі өтті.

  Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің бұйрығына сәйкес адамдарды құтқаруда көрсеткен батылдығы мен ержүректігі үшін оған «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалі табыс етілді.

  Алматы облысы ТЖД басшысы Дәурен Оразбеков награданы табыс етіп, батылдық пен ерлік  көрсеткен қаһарманға алғыс айтты. Наградтау жеке ержүректілік, шешім қабылдаудағы батылдық пен қайғылы оқиғаның алдын алуға мүмкіндік берген азаматтық жауапкершілікті мойындау болды.