Объектілерді пайдалануға бермес бұрын олардың өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытындыны алу міндеттеледі

Объектілерді пайдалануға бермес бұрын  олардың өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытындыны алу міндеттеледі

  2026 жылғы 1 ақпаннан бастап Қазақстанда объектіні қабылдау және пайдалануға бермес бұрын оның өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытындыны алуды міндеттеуді көздейтін азаматтық қорғау саласындағы жаңа талап күшіне енеді.

  Бұл міндет құрылысқа тапсырыс берушіге жүктеледі және адамдар жаппай болатын объектілерге, сондай-ақ биіктігі 28 метрден асатын ғимараттарға, оның ішінде көппәтерлі тұрғын үйлерге де қолданылады.

   Қорытынды азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері тарапынан көрсетілген санаттағы салынып біткен объектіге жүргізілген өрт-техникалық тексеру нәтижелері бойынша беріледі.

  Қорытындыны беру тәртібі мен оның нысаны «Объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды беру қағидаларын бекіту туралы» Төтенше жағдайлар министрлігінің 2025 жылғы 26 тамыздағы № 359 және «Объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытындының нысанын бекіту туралы» 2025 жылғы 6 тамыздағы № 309 бұйрықтарымен бекітілген. Аталған нормативтік құқықтық актілер ашық қол жеткізуде орналастырылған.

   Қорытынды беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет форматында электрондық түрде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасының ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылатын болады.